Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы спорт саласы бойынша кәсіби шеберліктің аймақтық конкурсы
2023 жылдың 25 сәуірінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы спорт саласы бойынша кәсіби шеберліктің аймақтық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты дене тәрбиесі оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, байқауға қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу болып табылады.
Байқау төрт турда өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті:
- 1 тур – Тестілеу;
- II тур- «Заманауи дене шыныктыру сабағы»;
- III тур - «Өз ісінің шебері». Жаттығудың техникалық орындалуы;
- IV тур - Президенттік тест нормативтері бойынша «Спорт түрлерінен жарыс».
Байқауға 6 педагог қатысты.
Жарыстарда жалғыз әйел өкіл болған Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы И.Р.Гаршанова жарыстың барлық турлары бойынша тапсырмаларды орындап, спорт саласы бойынша республикалық кәсіптік шеберлік байқауына қатысуға жолдама алды.
Барлық ер қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Гран-при - Мурат Д., «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
1 орын - Ильясов М.М., «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ оқытушысы;
2 орын - Искаков М.С., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы;
3 орын - Казыкенов Б.С., «Қазіргі заманғы көпсалалы колледжі» ЖММ.
Облыстық деңгейдегі Гран-при иегері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өтетін спорт саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысу құқығына ие болды.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.