Размер шрифта:
"WorldSkills Karaganda-2023"өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының аяқталуы
28-04-2023 16:35

      2023 жылдың 28 сәуірінде  «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ базасында «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша «Worldskills  Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының  қорытынды күні  өтті.

 Конкурсанттар бағдарламаға сәйкес G1- «Дербес күй»  модулі бойынша тапсырмаларды орындады.

Компатриот-сарапшылар  орындалған тапсырма үшін бағаларын қойып, CIS-ке бағалау нәтижелері енгізілді.

Күннің соңында «Мобильді робототехника» құзыреттілігі  бойынша келесі өңірлік чемпионатқа бас сарапшы мен оның орынбасарын сайлау және қатысушыларға сертификаттар тапсыру өткізілді.