Размер шрифта:
«Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы» және ұлттық тәлім-тәрбие» облыстық педагогикалық құрылтай
21-04-2023 14:12
«Мағжан  Жұмабаев «Педагогикасы» және ұлттық тәлім-тәрбие»  облыстық  педагогикалық құрылтай

      2023 жылдың 21 сәуірі Қарағанды облысының білім басқармасы, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласының «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ бірге  «Мағжан  Жұмабаев «Педагогикасы» және ұлттық тәлім-тәрбие»  атты облыстық  педагогикалық құрылтайы өтті.

Пленарлық отырыста танымал ғалымдар  баяндама жасады. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының  докторы  Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл «Мағжан Жұмабайұлының нақыл сөздері» тақырыбында,  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нурсахан Ахметовна «Қазақ» газетіндегі Тарихтың өзекті мәселелері» тақырыбында, PhD доктор, Ә. Бөкейхан Алаш ҒЗИ ғылыми қызметкері, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, ҚР Үкіметінің Дарын жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі - Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай  «Анадолыдағы Алаштану мәселесі: зерттеу, насихаттау» тақырыбында, «Сенімен болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры Тоқмурзина  Индира Жанұзаққызы «Саналы ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында, Е.А.Бөкетов атыңдағы Қарағанды университеті шет тілі кафедрасының түрік тілінің аға оқытушысы Asuman  Еrgün «Kardeş Okul Projesi / Türkiye» тақырыбында баяндама оқыды. 

Сондай-ақ, Түркия мемлекетінің бауырлас мектебімен  меморандум жасалып, келешекке жоспар құрылып, келісімшартқа отырды.

Құрылтай жұмысы 4 бағытта жүргізілді.  «Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың мәні» бағыты бойынша барлығы 71 жұмыс, «Алаш идеясы-Жаңа Қазақстанның бағыты бойынша 87 мақала «Мағжанның «Педагогикасы» және ұлт тәрбиесі» бағыты бойынша ата-аналар мен сынып жетекшілерден 125 мақала келіп түсті. Республикадан 10 мақала, облыстан 48 мақала, қала бойынша 67 жұмыс жинаққа жіберілді. Осы жұмыстардың ішінен үздік деп танылған 10 жұмыс қорғауға ұсынылды. «Мағжан психологиясы және қазіргі психология» бағыт бойынша 38 жұмыс келіп түсті. 

Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бахытгүл Хималдиновна, қалалық білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы Смагулова Ғазиза Ғабдоллаевналар Құрылтайды  қорытындылап,   қатысушыларды алғыс хаттар мен дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ, шара барысында «Мағжан сенген өрендер» атты Мағжан гимназиясының жаңа гимнінің тұсауы кесілді.

Құрылтайды200 адам оффлайн, 200-ге тарта адам онлайн көре алды.