Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шет тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсы
03-05-2023 15:25
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы  «Шет тілінің үздік оқытушысы»  облыстық конкурсы

      2023 жылдың 3 мамырында Шет тілдер колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп   техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шет тілінің үздік оқытушысы»облыстық конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты шетел тілі оқытушыларының арасында педагогикалық тәжірибені тарату және кәсіби шеберлігін арттыру  болып табылады.

Байқау үш кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті:

-   I кезең (сырттай) –  сабақтың бейне үзіндісі;

-   IIкезең - ТКТ форматында тестілеу;

-   IIIкезең - ауызша баяндау.

Байқауға 8 педагог қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын – Каджиева Е.Г., «Шет тілдер колледжі» ЖММ оқытушысы;

2 орын - Карпекин О.Н., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;

3 орын – Қасымова А.Б., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.