2023 жылғы 12 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының №2 Оқушылар сарайында «Құндылыққа негізделген дене шынықтыру пәні» атты дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық форумын өткізді. Форумның пленарлық бөліміне қатысты:
Сыдықов Сағдат Кабирович - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының» РМҚК бас директоры.
Абылаев Темірхан Серікбайұлы - Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.
Әбілмәжіт Бақтияр Мейрамұлы - педагогика ғылымдарының магистрі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Дене шынықтыру және спорт факультеті деканының оқу жөніндегі орынбасары, Халилин Ерден Балтабайұлы - А. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің директоры.
Перепелица Инна Григорьевна - Қарағанды облысының дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының төрағасы.
Форум жұмысын сегіз пікірталас алаңы жалғастырып, тікелей қарым-қатынас құрылып, дене шынықтырудың оқу бағдарламаларына талқылау жүргізілді. Қатысушылар білім алушылардың инновациялық және жобалық қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар форумның практикалық маңыздылығын атап өтті.
Барлығы 450 адам қамтылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz







