Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Кәсіпкерлік қызметі негіздері» пәнін оқытудың өзекті мәселелері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар
2023 жылдың 26 мамырындаТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Кәсіпкерлік қызметі негіздері» пәнін оқытудың өзекті мәселелері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар өтті.
Бағдарламаға сәйкес колледж педагогтары тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:
- «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту шеңберінде soft-skills қалыптастыру және дамыту әдістері», «Ж.К.Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖМ оқытушысы
Н. К. Спанова;
- «Кәсіпкерлік қызмет негіздерін зерделеудің өзектілігі және білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» , «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК оқытушысы А. Б. Мұртазина;
- «Қазтұтынуодағы ҚМУ экономика, бизнес және құқық колледжі студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту», «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ оқытушысы Н.А.Бондарева;
- «Жастар жобаларын іске асыру алаңы ретінде колледждегі бизнес-мектеп», «Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы А. Ж. Сүлейменова;
- «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің артықшылықтары мен кемшіліктері», «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ оқытушысы А. А. Токмагамбетова;
- «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша тәжірибеге бағдарлану», «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК оқытушысы Г. К. Оразбаева;
- «Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудағы ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі», директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ оқытушысы Г. С. Оспанова;
- «Нарықтық экономика жағдайында студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру», «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ оқытушысы Р. Т. Садырбаева.
Семинар соңында педагогтар пікір алмасатын диалог алаңы ұйымдастырылды.
Жалпы қамту 49 педагогты құрады.