Размер шрифта:
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған семинар
26-05-2023 14:43
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында  білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған семинар

      2023 жылдың 26 мамырында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен мамандандырылған мектеп-интернаттарының  және аудандық/ қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне, әдіскерлеріне ZOOM платформасы арқылы 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша семинар өткізілді. Семинарда оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізуге байланысты нормативтік құжаттармен  таныстырылды, сонымен қатар, 9 (10), 11(12)-сынып білім алушыларының емтихан тапсырмаларының сипаттамасы, бағалау міндеттері, балдардың үлестірілуі, бағалар сипаттамасы туралы презентациялар жасалып, ұсынымдар айтылды. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің мысалдары беріліп, практикаға бағытталған жұмыстар жасалды.

Семинарға 300-ден артық педагогтер қатысты.