«Бастауыш мектептегі зерттеу-жобалау қызметі» семинары
29-02-2016 11:13
 «Бастауыш мектептегі зерттеу-жобалау  қызметі» семинары

   2016 жылдың 29 ақпанында Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі зерттеу - жобалау қызметі» тақырыбында семинарын өткізді.

   Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларымен зерттеу - жобалау қызметі жұмысын ұйымдастыру.

   Семинар барысында ҚО ББД ОӘО әдіскері – Г. Мукашева топтық жұмыстар арқылы практикалық тапсырмалармен түрлі жағдаяттарды талқылау отырып, бастауыш мектепте оқушыларымен зерттеу - жобалау қызметі жұмысын ұйымдастыру жолдары жайында, зерттеу қызметінің жобалау қызметінен қандай ерекшеліктері бар екендігі туралы пікір алмасты.

   Семинарға Абай, Бұқар Жырау, Ақтоғай, Осакаровка, Шет, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау аудандарының және Саран, Қаражал, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларының мұғалімдері қатысты.