МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТТАРЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНIҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ
31-05-2023 16:37
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТТАРЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНIҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 31 мамырда ZOOM платформасында онлайн режимде мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының тарих және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

   Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тулепбекова Светлана Карагуловна тарих және география мұғалімдерінің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысына талдау жасады. Алдағы 2023-2024 оқу жылына жоспар ұсынылды.

    Отырыста оқушыларды қорытынды аттестаттау мәселелері, тарих және география бойынша үздік педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату кестесі талқыланды. Отырысқа қатысушылардан айына екі рет әдістемелік күн өткізу туралы ұсыныс түсті.

 

Қамтылған адам саны 38