Размер шрифта:
Цифрлық сауаттылық бойынша семинар-практикум
02-06-2023 11:50
Цифрлық сауаттылық бойынша семинар-практикум

       2023 жылдың2 маусымында Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжімен  бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарыныңинженер-педагог қызметкерлерін цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша семинар-практикум өткізді.

Оқыту барысында педагогтер заманауи цифрлық білім беру технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын, оларды оқу процесінде, оның ішінде цифрлық ортада сабақтарды жобалау үшін қолдану принциптерін игерді. Тапсырмалардың көпшілігі практикалық сипатта болды, бұл болашақта педагогикалық қызметтеқажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының 150-ден астам оқытушылары қатысты.