2023 жылдың2 маусымындаАбай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында «Жас әдіскер мектебі»шеңберінде «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша оқытудыңқорытынды семинары өткізілді. Семинар жас мамандардың әдістемелік құзыреттілігін дамыту, колледждің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдірумақсатында,«Әдіскердің коммуникативтік қызметі: қақтығыстар. Педагогикалық жағдайларды шешу» бағыты бойынша өтті.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес тақырыптар ұсынылды:
- «Коммуникация өнерінің жеке аспектілері», Кашина Е.А., Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжініңәдіскері,әдіскерлердіңоблыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
- «Форум-театр қақтығыстармен жұмыс жасау нысаны ретінде», Козлова Е.О., Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог-психологы.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде модераторлар, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А.А.Кнашина және әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е.А.Кашина рефлексия өткізді, онда жас әдіскерлердің кәсіптік қиындықтарды анықтауға «шығу» сауалнамасына талдау жасады, оқытуды қорытындылады және тыңдаушылармен келесі оқу жылына арналған жоспарды талқылады.
Сондай-ақ, «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде оқуды сәтті аяқтаған 19 жас әдіскерге 2023-2024 оқу жылында өткізілетін екінші кезеңге жолдама беретін, оқытудың бірінші кезеңін аяқтағаны жөніндегі сертификаттар табысталды.