Размер шрифта:
«WorldSkills KAZAKHSTAN-2023» чемпионатына қатысу бойынша Қарағанды облысының өңірлік құрамасына арналған тренинг
06-06-2023 09:55
«WorldSkills KAZAKHSTAN-2023» чемпионатына қатысу бойынша Қарағанды облысының өңірлік құрамасына арналған тренинг

      2023 жылғы 06 маусымда Қарағанды облысының өңірлік құрамасы үшін «WorldSkills KAZAKHSTAN 2023» чемпионатына қатысу бойынша тренингтер басталды.

Тренингтердің мақсаты Қарағанды облысының өңірлік құрамасына қатысушылардың топтық жұмысы арқылы эмоционалды тұрақтылық пен өнімділік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Тренингтер «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының жеңімпаздары үшін «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжінің базасында офлайн форматта өтеді.

Тренингке «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының 26 жүлдегері қатысады.