Техникалы, кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Физиканың түрлі бөлімдерінде нанотехнологияны қолдану» тақырыбындағы үздік жобаға облыстық байқау
07-06-2023 11:20
Техникалы,  кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында  «Физиканың түрлі бөлімдерінде нанотехнологияны қолдану» тақырыбындағы үздік жобаға облыстық байқау

      2023 жылдың 07 маусымында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды ​​тамақтандыру және сервис колледжі» КММ-мен бірлесіп техникалы,  кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Физиканың түрлі бөлімдерінде нанотехнологияны қолдану» тақырыбындағы үздік жобаға облыстық байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты – облыстағы  белсенді және дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың ғылыми-инновациялық қызметін ынталандыру.

Байқауға облыс колледждерінен 24 студент  қатысты.

Қатысушылар өздерінің жобаларының тұсаукесерін жасады. Жобаларды қорғау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

1- орын – Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі студенті Қажымұрат Дулат, «Физикада нанотехнологияны қолдану» жобасымен, жетекшісі Маржангүл Туысхан;

2- орын –Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі студенті Колесниченко Дмитрий, «Физикадағы нанотехнология» жобасымен, жетекшісі Иран Хайруллин;

3 - орын - Қарағанды ​​көлік-технологиялық колледжі  студенттері Михаил Биллер және Гафур Чичков, «Физиканың түрлі бөлімдерінде нанотехнологияны қолдану» жобасымен,  жетекшісі Дуанбекова Күләш;

3 - орын – «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі студенттері Еркебұлан Мәден мен Ильяс Мағруп, «Наноматериалдар физикасы» жобасымен,  жетекшісі Айнагүл Разбекова.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!