2023 жылдың 07 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ-мен бірлесіп техникалы, кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Физиканың түрлі бөлімдерінде нанотехнологияны қолдану» тақырыбындағы үздік жобаға облыстық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты – облыстағы белсенді және дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың ғылыми-инновациялық қызметін ынталандыру.
Байқауға облыс колледждерінен 24 студент қатысты.
Қатысушылар өздерінің жобаларының тұсаукесерін жасады. Жобаларды қорғау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
1- орын – Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі студенті Қажымұрат Дулат, «Физикада нанотехнологияны қолдану» жобасымен, жетекшісі Маржангүл Туысхан;
2- орын –Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі студенті Колесниченко Дмитрий, «Физикадағы нанотехнология» жобасымен, жетекшісі Иран Хайруллин;
3 - орын - Қарағанды көлік-технологиялық колледжі студенттері Михаил Биллер және Гафур Чичков, «Физиканың түрлі бөлімдерінде нанотехнологияны қолдану» жобасымен, жетекшісі Дуанбекова Күләш;
3 - орын – «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі студенттері Еркебұлан Мәден мен Ильяс Мағруп, «Наноматериалдар физикасы» жобасымен, жетекшісі Айнагүл Разбекова.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!