Размер шрифта:
Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігі отырысы
08-06-2023 16:12
Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігі отырысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жыл 08 маусым ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерімен кезекті әдістемелік бірлестік  отырысы өткізілді. Әдістемелік бірлестік  отырысында төмендегі мәселелер қарастырылды:

  1. 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктер мен мәселелер (әдістемелік бірлестік жетекшілері);
  2. Аттестатталушылардың портфолиоларын бағалау: мәселелер, шешу жолдары (Тилеубаева Камшат Олжасовна, Жамбыл атындағы ММЛИ мұғалімі, облыстық сараптамалық кеңес мүшесі);
  3. «Мұғалімнің кәсіби дамуы - тынымсыз ізденіс» тақырыбындағы тәжірибе алмасу (Абдрахманова Арай Владимировна, «№ 2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернатының мұғалімі);
  4. 2022-2023 оқу жылын аяқтау: жетістіктер мен мәселелер (Жаркеева Гулназ Бекетовна, ҚО ББД ОӘО әдіскері).

Бірлестік  отырысы барысында педагогтер жыл бойғы өзекті мәселелерді ортаға салып, жаңа оқу жылына ұсыныстарын айтты.

Шараға барлығы 20-ға жуық педагог қатысты.