Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жазғы мектеп» жұмысы
09-06-2023 11:32
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жазғы мектеп» жұмысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, бастауыш сынып оқушыларының логикалық, шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында 2023 жылдың маусым айының 07,08,09 күндері Жазғы мектеп ұйымдастырды. Жазғы мектеп барысында қаңтар айынан бастап "логика күніне" қатысқан педагогтар өздерінің жұмыс тәжірибелерін көрсетті, барлығы 28 шеберлік сабақтары өткізілді, оның барысында мұғалімдер салыстыру, түсіндіру, басқатырғыштар, лабиринттер мен жұмбақтар шешу тапсырмаларын бірге орындады.

Жазғы мектептің үшінші күні таза ауада өтті, онда практикалық бөлім өткізілді, қатысушыларға маршруттық парақтар берілді, оған сәйкес олар станцияларға барды. «Лингвист-Life» станциясында оқу тапсырмаларын орындады, «Қаржы басқатырғышы» және «Ақылды математика» станцияларында логикалық есептерді шешті, «Би-лайк» станциясында, «Маrvel», «Спортлогик-лайк», «Games», «Дивергент», «Шеберлер қаласы» станцияларында би билеп, ән айтты, «Экотроп» әртүрлі және қызықты тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар өздерінің креативтілігін, ұйымшылдығын, топта жұмыс жасау ерекшеліктерін көрсетті. Ашық ауада өткізілген көңілді және танымдық іс-шарадан кейін ФЛЕШМОБ ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған Жазғы мектеп жұмысы аясында өткен Мағжан Жұмабаев атындағы «Білім шыңы» олимпиадасының қорытындысы жасалды. Нәтижесінде келесі мұғалімдер озып шығып, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

Бас жүлде- Ибраева Ләйлә Толеповна, «№5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Балқаш қаласы

1 орын- Баймуканова Гульбакша Думановна, «№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Осакаровка ауданы.

Шаймерденова  Кулия Мейрамовна, «№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ,  Қарқаралы ауданы.

Ешимжанова Алтынай Шаймерденовна, «№19 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Қарқаралы ауданы.

2 орын -Исабаева Айман Турсымбековна, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ, Балқаш қаласы.

Сагимбаева Гульден Куанышевна, «Жараспай жалпы білім беретін мектеп» КММ, Нұра ауданы.

Аманбекова Айгуль Мекенбаевна, «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ,  Шет ауданы.

Ашкенова Салтанат Алпановна, «№17 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Теміртау қаласы.

Мухаметжанова Бибигуль Мухаметжановна, «Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Теміртау қаласы.

Пасынкова Татьяна Георгиевна, «Қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ, Қарағанды қаласы.

Мадиева Луиза, «№5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Балқаш қаласы.

Байкенова Молдир Болаткызы, «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, Шет ауданы.

Поиграй Екатерина Станиславовна, «№20 мектеп-лицей» КММ, Теміртау қаласы.

3 орын

Байкенжина Динара Сагатовна, «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ, Қарағанды қаласы.

Омашева Алмагул Тлеубергеновна, «О.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Қарқаралы ауданы .

Жарбаева Асель Темирбаевна, «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Саран қаласы.

Есмаганбетова Жаксыгул Толеубаевна, «Қызыларай жалпы білім беретін мектеп» КММ, Ақтоғай ауданы.

Байтурсынова  Сагынай Сыргабековна, «Құланөтпес негізгі орта мектебі» КММ, Нұра ауданы.

Хабдай Айнұр, «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Осакаровка ауданы.

Акопова Татьяна Михайловна,  «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ, Балқаш қаласы.

Привалова Татьяна Владимировна, «М.Мамыраев атындағы мектеп-интернат» КММ, Қарағанды қаласы.

Жунусбекова Назгуль Бейбитовна, «Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Қарағанды қаласы.

Жақыпова Ақтолқын Бекжанқызы, «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Приозерск қаласы.

Сейткарина Махаббат Талгатовна, «М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Нұра ауданы.

Бокенова Жулдызай Жанатовна, «Ы.Алтынсарина атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, Шет ауданы.

Икишева Гулнур Кылышовна, «Ақсу орта мектебі» КММ, Шет ауданы

Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы, «Талды жалпы білім беретін мектеп» КММ, Шет ауданы. 

Калияскарова Айгерим Буркиткызы, «К.Бәйсеитова атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, Ақтоғай ауданы.

Маханова Дана Зарлыковна, «Қыздар гимназиясы» КММ, Теміртау қаласы. 

Каракекилова Айман Бирлесовна, «Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей» КММ, Шет ауданы.

Федорова Анна Евгеньевна, «Ә.Ермеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Қарқаралы ауданы.

Колова Анастасия Владимировна, «№16 орта мектеп» КММ, Саран қаласы.

Федосеева Наталья Алексеевна, «Торанғалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Ақтоғай ауданы.

Смаилова Корлан Калийкызы, «№20 мектеп-лицей» КММ, Теміртау қаласы.

Корепанова Ольга Вячеславовна «№27 орта мектеп» КММ, Теміртау қаласы.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілеймін, мұнымен тоқтап қалмай, биік белестерді бағындыра беріңіздер!