Размер шрифта:
«WorldSkills Kazakhstan-2023» Республикалық чемпионатының сарапшыларына арналған семинар
14-06-2023 08:24
«WorldSkills Kazakhstan-2023» Республикалық чемпионатының сарапшыларына арналған семинар

      2023 жылғы 14 маусымда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионатындабас сарапшыларды тестілеуге дайындау бойынша облыстық семинар ұйымдастырды.

Мақсаты – сарапшыларды «WorldSkills» чемпионаттарын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі ережелерін білуге тестілеу кезінде қолданылатын негізгі аспектілерді талдау.

Спикер ретінде «WorldSkills International-2022» сарапшы-компатриоты, «WS Karaganda 2023»  бас сарапшысы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»  КМҚК  құзыреттер орталығының меңгерушісі Олег Владимирович Лизогуб сөз сөйледі. Практикалық бөлімде чемпионатты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне талдау жүргізілді.

Семинар соңында диалог алаңы ұйымдастырылды, онда педагогтар пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шешті.

Облыс колледждерінің 25 бас сарапшысы қамтылды.