Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ «BEGIN IT» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЗДІК 10 ОҚУШЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ
19-06-2023 16:38
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ  «BEGIN IT» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЗДІК 10 ОҚУШЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ
2021 жылдан бастап Қарағанды облысының білім басқармасы inDrive компаниясымен бірлесіп 9 білім беру ұйымындарында "BeginIT" жобасын іске асыруда. BeginIT – балалар үйлерінен, мектеп-интернаттардан және ауылдық мектептерден қабілетті балалардың жаңа технологияларын анықтауға және кәсіптік бағдарлауға бағытталған әлеуметтік-білім беру жобасы.
Жобаны іске асыру аясында: бағдарламалауды және басқа да цифрлық дағдыларды дербес асинхронды оқыту үшін халықаралық және қазақстандық білім беру платформаларына қол жеткізуге 210 лицензия берілді. 
Қазақстандық компаниялардың кәсіби мамандарын трекер ретінде тарта отырып, цифрлық дағдылар бойынша 2 қысқа мерзімді білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды: No code school және Digital design.
Қарағанды облысы Шет ауданының, Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы-Шәкір Нұрасыл Еліміздің 17 өңірінен 300 қатысушының ішінде  үздік 10 оқушының қатарына енді. Нұрасыл Game Fest BeginIT-ге қатысып, “No code school” курсының екінші кезеңінің жеңімпазы атанды. 2023 жылғы 28-30 тамызда Астана қаласында өтетін "BeginIT Summer Fest" жазғы фестиваліне шақырылды.