Размер шрифта:
«Құқық негіздері» пәнінен үздік медиасабақ» байқауының қорытындысы
20-06-2023 18:19
«Құқық негіздері» пәнінен үздік медиасабақ»  байқауының қорытындысы

     2023 жылдың 20 маусымында Қарағанды ​​облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша үздік медиасабақ» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды.

    Байқау облыстық құқықтық пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің Қарағанды ​​жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп атқарған жұмысы аясында өткізілді.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

1-орын – Гульшара Жумахановна Дюсембенова, «Ж.Қ.БөкеноватындағыҚарағанды ​​банк колледжі» ЖММ оқытушысы;

2-орын – Айгерим ЕржановнаСулейменова, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚКоқытушысы;

3-орын – Алия Рахимбековна Саттыбаева, Малика Орынбасаровна Орынбасарова, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК оқытушылары; Магира Наркеновна Ахмадиева, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!