Размер шрифта:
«Алға қадам» жобасын іске асыру шеңберіндегі мастер-класс
27-06-2023 21:09
«Алға қадам» жобасын іске асыру шеңберіндегі мастер-класс

     2023 жылдың 27 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжімен бірлесіп «Алға қадам» жобасын іске асыру шеңберінде «Шағын топтарда жұмыс істеу педагогикалық процесте қызметті ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде» тақырыбындағы мастер-класс өткізді.

    Іс-шара барысында колледж әдіскері Е.М.Квитко «Мастер-классты қалай дайындау және өткізу керек» тақырыбында сөз сөйледі.

   Содан кейін әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Г.Ш.Өмірбекова «Құқық негіздері» пәнінің сабақтарында шағын топтарда жұмыс істеу (жұмыс тәжірибесінен) тақырыбында мастер-класс ұсынды.

Семинарға облыс колледждерінің 21 жас педагогы қатысты.