Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 17 шілдеде тәжірибе алмасу мақсатында республикалық семинар өткізді. Семинар офлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылды. Семинарға Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Жетісу облыстарының оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында олар Р.Ш. Хасенов атындағы Қарағанды облысының даму және білім беру тарихы мұражайымен, Қарағанды облысының жас педагогтерінің «JAŃASHYL USTAZ» зертханасымен, шағын жинақты мектептер мен робототехника зертханаларымен танысты.
Сондай-ақ, семинарда ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдау бойынша жұмыс тәжірибесі, «Ауыл-қала», «Агрокласс» жобаларын іске асыру қорытындылары ұсынылды. Функционалдық, ақпараттық сауаттылықты дамытуға, робототехника бойынша жарыстарға қатысуға даярлауға бағытталған және облыс білім алушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және білім сапасын арттыруға ықпал ететін «Зейін», «Қашықтықтан BOOM», «Web-мастер», «IT – сарапшы», «Табыс формуласы» жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму Картасына мониторинг жүргізуді жетілдіру және электрондық базада толтыру бойынша әдістемелік тәжірибе көрсетілді. Мониторинг мектеп жасына дейінгі балалардың білімі мен дағдыларының сапалы деректерін алуға мүмкіндік береді.
«Сарыарқа дарыны» орталығының директоры «Жас математик» жобасының және білім беру процесінде «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің нәтижелерін ұсынды, бұл жүйе педагог-психологтардың ғана емес, директорлардың орынбасарларының, педагогтердің, сынып жетекшілерінің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
Күннің екінші жартысында семинарға қатысушыларға облысымыздағы А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия, А. Ермеков атындағы мектеп-лицейі және Қарағанды қаласының №2 Оқушылар сарайының жұмыс тәжірибесі көрсетілді.
Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар семинардың өзектілігін, ұсынылған қызықты және алуан түрлі ақпараттың үлкен көлемін, ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.