Размер шрифта:
2016 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысы колледждері студенттерінің арасында сызу пәнінен облыстық олимпиада өтті.
26-02-2016 08:38
2016 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысы колледждері студенттерінің арасында сызу пәнінен облыстық олимпиада өтті.

    Дарынды студенттердің ерекшеліктеріне сәйкес жалпы кәсіптік білімге бейімделген жүйені дамыту бойынша ТжКБ оқу орындарының қызметін жандандыру мақсатында, 2016 жылдың 26 ақпанында Қарағанды теміржол колледжінде Қарағанды облысы колледждері студенттерінің арасында сызу пәнінен облыстық олимпиада өтті.

   Олимпиадаға техникалық мамандықтар бойынша орта және жоғары дәрежедегі мамандар даярлауды жүзеге асыратын ТжКБ оқу орындарының 1-2 курс студенттері қатысты.

   Қазылар алқасы байқау жұмыстарын бағалап, талдау жасады. Нәтижелердің қорытындысы бойынша олимпиада жеңімпаздары анықталды:

Жоғары дәрежедегі студенттер арасында:

    1 орын - Гутяр Евгений Владимирович жетекшісі Мусина Гульназ Бахитовна. ЖММ «Казахмыс корпорациясының Технологиялық колледжі»

    2 орын - Маусымбаев Темірлан Амангелідіұлы жетекшісі Омарова Сауле Сайлауовна. КММ «Қарағанды машина жасау колледжі»

    3 орын-  Ныгмет Нияз Ержанұлы жетекшісі Жунусова Толкын Шакаримовна. КММ «Қарағанды машина жасау колледжі»

Орта буын мамандықтарының студенттері арасында:

    1 орын - Петросян Каринэ Севановна жетекшісі Горшкова Галина Николаевна. «Теміртау политехникалық колледжі».

    2 орын - Щербаков Данил Олегович жетекшісі Дощанова Роза Жакеновна. ҚМҚК «Қарағанды политехникалық колледжі».

    3 орын -  Тусупбекова Жанар жетекшісі Мусина Гульназ Бахитовна. ЖММ  «Казахмыс корпорациясының Технологиялық колледжі».

Олимпиада жеңімпаздары салтанатты түрде арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз дайындаушы оқытушыларға алғыс хаттар берілді.