«Шуақты жаз-радужное лето» облыстық байқауының қорытындысы
15-08-2023 18:00
«Шуақты жаз-радужное лето»  облыстық байқауының қорытындысы

      2023 жылдың 01 маусым – 15 тамыз аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Шуақты жаз-радужное лето» облыстық байқауын өткізді.   

 Байқаудың мақсаты: педагогтерді кәсіби жетілдіру, балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату,  педагогикалық жаңашылдықпен шығармашыл жұмыс жасайтын педагогтерді қолдау.

         Байқау жұмыстары екі бағыт бойынша қабылданды:

- «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы мақала»;

- «Жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы».

 Аталмыш бағыттар бойынша жалпы 69 жұмыс келіп түсті.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы мақала»номинациясы бойынша:

І орынАкпарова Акмарал Кенжебековна, Исаинова Марина Михайловна, Садвакасова Нурбике Муратовна, Қарағанды қаласының «Оқушылар сарайы-Юнеско клубы» КМҚК.

ІІ орын Абеуова Алия Шокановна, Нұра ауданының «Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ» КММ.

III орынАбдрахманова Айгуль Каргашевна, Қарағанды облысы білім басқармасының №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ.

Алғыс хатпен марапатталды:

- Крючкова Кристина Андреевна, Абай ауданының «П.Корниенко атындағы ЖББМ» КММ;

- Сәкен Ақерке Жанабайқызы, Осакаров ауданының «Балдырған» балабақшасы» КММ;

- Калышева Гульзия Габдысаматовна, Абай ауданының «Қарабас кенті №15 ЖББМ» КММ;

- Павлова Инна Валерьевна, Қарағанды қаласының «№1 балалар өнер мектебі-Юнеско клубы» КМҚК;

- Лепехина Надежда Викторовна, Теміртау қаласының «№11 ЖББМ» КММ;

- Урикбаева Калампыр Калауовна, Абай ауданының «Қ.Сәтбаев атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ;

- Калемхан Еркежан, Теміртау қаласының «№29 ЖББМ» КММ;

-   Каукенова Альбина Маратовна, Балқаш қаласының «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ;

Абеуова Алмагуль Аманжоловна, Қарағанды облысы білім басқармасының «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

- Галимжанова Лаура Нигметжановна, Чайка Камила Миннуллаевна, Қарағанды облысы білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

- Жумагазина Жупар Сакеновна, Қарағанды облысы білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ.

 

«Жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы» номинациясы бойынша:

 

ІІ орынЛихицкая Ольга Викторовна, Бикметова Римма Марсовна, Абай ауданының «Жартас ЖББМ» КММ.

ІІ орын Осипова Оксана Александровна,Теміртау қаласының «Әлем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК.

III орынКилибаева Эльвира Бейсекеновна, Сейсембаева Жазира Кудайбергеновна, Қарағанды облысы білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ.

Алғыс хатпен марапатталды:

- Осемляк Светлана Александровна,Балқаш қаласының «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ;

- Нафталова Назира Кенесовна, Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

- Мейрамова Ботагоз Бейсеновна, Невенчанная Наталья Леонидовна, Суртебаева Гайни Кодашевна, Қарағанды облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ.