Қарағанды облысы педагогтеріне арналған әдістемелік күн
18-08-2023 17:39
Қарағанды облысы педагогтеріне арналған  әдістемелік күн

      2023 жылдың  18 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған (Т1,Т2) әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн аясында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ММ әдіскері Жаркеева Гулназ Бекетовна «2023-2024 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды және 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша CWOT талдаужасап, анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берді, 2023-2024 оқу жылындағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, практикалық бөлімде өткен оқу жылындағы анықталған кемшіліктерден туындаған мәселелер, тақырыптар бойынша Қарағанды қаласы «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ассоциация төрағасы Кубекова Құралай Төлепбергенқызы «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ММ әдіскері Какенбекова Анел Асылановна  «Педагог жұмысының тиімділігін арттырудағы АКТ мүмкіндіктері» тақырыбында, Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолшибекова Урхия Турганбековна «Концептуалдық оқыту арқылы зерттеушілік дағдыны дамыту» тақырыбында, Қарағанды қаласы «Қазбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Болсынова Гулдаурен Хабибуллаевна, Жуманбаева Айнур Орынбасаровна «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың инновациялық әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабақ көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік күнге облыстың 400-ге жуық педагогтері қатысты.