Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 17 тамызында география және тарих пәндерінің мұғалімдеріне, облыстық мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілеріне, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күн аясында педагогикалық шеберлікті арттыру, педагогтердің әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселелері қаралды.
Оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Тулепбекова С. К. география және тарих пәндері бойынша 2022-2023 оқу жылының әдістемелік жұмысының талдауын және 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс жоспарын ұсынды.
Отырыс барысында келесі педагогтер өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті:
Игликова Н.З., Теміртау білім бөлімінің әдіскері;
Мукашева М.О., Қарқаралы білім бөлімінің әдіскері;
Қалденова А.Н., Осакаров білім бөлімінің әдіскері.
Рефлексия қорытындысы бойынша әдістемелік күн барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді.а әдістемелік күн барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді.