Размер шрифта:
«Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбы бойынша әдістемелік күн
17-08-2023 08:23
 «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім»  тақырыбы  бойынша әдістемелік күн

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 17 тамызда география және тарих пәні мұғалімдеріне, облыстық мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің басшыларына, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің география  мен тарих пәніне  жетекшілік ететін әдіскерлерге арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн шеңберінде педагогикалық шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау, педагогтердің әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері С. К. Тулепбекова 2022-2023 оқу жылындағы география және тарих пәндері бойынша әдістемелік жұмысты талдау және 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін ұйымдастыру және география пәні бойынша әдістемелік жұмыс жоспарын ұсынды.

Отырыста өз тәжірибелерін ұсынды: Н.З. Игликова, Теміртау білім бөлімінің әдіскері; М.О. Мукашева, Қарқаралы білім бөлімінің әдіскері; А. Н., Қалденова, Осакаров білім бөлімінің әдіскерлері.

Рефлексия қорытындысы бойынша әдістемелік күн барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді.