01.03.2016ж. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы инклюзивті білім беру саласында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында «Адекваттық білім беру жағдайларын жасау арқылы білім беру ортасының бейімделуі» тақырыбында семинар - практикум өткізді.
Семинарға №27 ЖББОМ қарауындағы Ресурстық орталық өкілдері, стажер алаңдары басшыларының оқу ісі бойынша орынбасарлары, сонымен қатар пән мұғалімдері қатысты.
Семинар - практикумның өту барысында инклюзивті білім беру жағдайларында түрлі деңгейлі амал-тәсілдерді жүзеге асыру бойынша төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
- бастауыш мектептегі инклюзивті тәжірибе;
- инклюзивті сыныпта сабақ жзүргізу технологиясы;
- арнайы сыныптарда сабақты ұйымдастыру және жүргізу.