Размер шрифта:
Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні
18-08-2023 09:13
Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 18 тамызында онлайн режимде«Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің әлістемелік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- Қарағанды облысында ББД ОӘО  жұмысының нәтижелерінің талдауы;

- 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары.

- 2022-2023 оқу жылындағы «Математика» пәнінің білім сапасының талдауы;

- құндылыққа негізделген білім беру;

- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістері;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері;

- математика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

Әдіскерлер, облыстың жетекші мұғалімдері және жас мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті::

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында ББД ОӘО  әдіскері;

Пинчук Лариса Георгиевна,математика мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, магистр, «Қарағанды қ. Академик Е. А. Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Бахыт Ойгорбай,Бұқаржырау ауданы білім бөлімінің әдіскері;

Аманкелд Мереке,«С.Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ» математика пәнінің мұғалімі;

Медведева Наталья Викторовна, Коряка Елена Васильевна,Саран қаласы  «№1 мектеп-гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімдері;

Каирбекова Алмагуль Зекеновна,Нұра ауданы білім бөлімінің әдіскері;

Итжанова Айман Алпановна,Нұра ауданы «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Максимова Галина Михайловна,Қарағанды қаласы «Григорий Потанин атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.