Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 18 тамызында онлайн режимде«Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің әлістемелік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні аясында келесі мәселелер қарастырылды:
- Қарағанды облысында ББД ОӘО жұмысының нәтижелерінің талдауы;
- 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары.
- 2022-2023 оқу жылындағы «Математика» пәнінің білім сапасының талдауы;
- құндылыққа негізделген білім беру;
- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістері;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері;
- математика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.
Әдіскерлер, облыстың жетекші мұғалімдері және жас мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті::
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында ББД ОӘО әдіскері;
Пинчук Лариса Георгиевна,математика мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, магистр, «Қарағанды қ. Академик Е. А. Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Бахыт Ойгорбай,Бұқаржырау ауданы білім бөлімінің әдіскері;
Аманкелд Мереке,«С.Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ» математика пәнінің мұғалімі;
Медведева Наталья Викторовна, Коряка Елена Васильевна,Саран қаласы «№1 мектеп-гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімдері;
Каирбекова Алмагуль Зекеновна,Нұра ауданы білім бөлімінің әдіскері;
Итжанова Айман Алпановна,Нұра ауданы «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Максимова Галина Михайловна,Қарағанды қаласы «Григорий Потанин атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.