2023 жылдың 22 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.
Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты. Жұмыс жоспары және колледж әдіскерлерінің деректер базасын қалыптастыру талқыланды.
Одан кейін «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ҚМҚК білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Мухамедьярова А.З.«2023-2024 оқу жылына педагогтерді аттестаттауды перспективалық жоспарлау туралы», «Әдістемелік өнімді әзірлеу шеңберінде педагогикалық қызметті әдістемелік сүйемелдеу туралы» тақырыптары бойынша сөз сөйледі.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.
Іс-шараға облыс колледждерінің 65 әдіскері мен директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.