2023 жылдың 22 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлеріне және мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың тәрбие жұмысының орынбасарларына арналған жаңа оқу жылы қарсаңында әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күнде әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын директордың тәрбие жұмысының орынбасары Г.К. Суюнжанова атап өтті.«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» бойынша әдістемелік күннің спикерлері А.А. Казиева, оқу-әдістемелік орталықтың қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің меңгерушісі; А.С. Жуматаева, Қарағанды қаласының «М. Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ; Е.О. Сухотеплов «№1 гимназия» КММ директордың тәрбие жұмысының орынбасарлары тәрбие мазмұнын айқындауда бағдарламаның мазмұнына жеке-жеке тоқталып, жаңа оқу жылынан бастап енгізілетіндігін айтты.
Бағдарлама ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді.