Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 22 тамызында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік күн өткізілді.
Оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері К. П. Цой 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау жасады және 2023-2024 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып өтті. Гуманитарлық цикл сабақтарында метакомпетенцияларды дамыту туралы ұсыныстармен Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Е. В. Лаверженцева өз ойымен бөлісті. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.М. Цемох практикалық мысалдар мен оқыту мақсаттарына сүйене отырып, сабақ үдерісінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы өзық тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми тәжірибелік конференция үшін материалдарды дайындау және бейне сабақтарды әзірлеу ережелерімен ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Какенбекова Анел Асылановна таныстырып, сандық құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту туралы терең тоқталып өтті.