Размер шрифта:
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ "ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ"
25-08-2023 07:27
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
      2023 жылдың 24-25 тамызда Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында педагог қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өтуде.
Бүгін 2023 жылдың 24 тамызында онлайн-режимде әр түрлі тақырыптар бойынша секциялық отырыстар өтті. Секциялық отырыстарда Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім  академиясы, педагогикалық шеберлік орталығы, педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының өкілдерімен келесі тақырыптар талқыланды: білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға даярлау, білім беру қызметтерінің сәйкестігін бақылау, педагогтердің педагогикалық этикасы мен жауапкершілігінің рөлі, мектепішілік бақылауды сапалы ұйымдастыруға және білім алушыларды бағалау жүйесіне тоқталды.
Секциялар жұмысына Қарағанды облысынан 5560-тан астам әдіскер, директорлар, директорлардың орынбасарлары, облыс педагогтері қатысты, барлығы 110 нүктеден қосылды.
Секция қатысушыларымен жұмыс қорытындысы бойынша рефлексия жүргізіліп, сөз сөйлеушілердің ұсынылған материалы талқыланды.