Размер шрифта:
«Worldskills Kazakhstan 2016»
02-03-2016 09:39
«Worldskills Kazakhstan 2016»

Қазақстанға WorldSkills International халықаралық жобасының келуіне байланысты Қарағанды облысының білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, 2016 жылдың 2-18 наурызы аралығында WorldSkills Kazakhstan 2016 ұйымдастырушыларының талабын ескере отырып, ТжКБ оқу орындарының студенттері арасында 9 бағыт бойынша аймақтық чемпионат өткізеді.

WorldSkills International – бұл әлем бойынша кәсіби мамандықтар мен біліктіліктердің дәрежесін көтеру мақсатында құрылған  халықаралық ассоциация.

         Конкурстың мақсаты -  жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, әлем бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының дәрежесін көтеріп, өрістету.

         Конкурстың бірінші күні «Дәнекерлеу технологиясы» бағыты бойынша - 2 наурызда    Қарағанды қаласы  Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің базасында өтті.

         Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 17 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, конкурс қатысушылары 4 модуль бойынша сынақтан өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша 17 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

1 орын -  Кантаев  Темирлан Аманжанович "Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі, жетекшісі - Сапунов Юрий Иванович;

2 орын - Малайсары Азамат Маратұлы  ҚР«Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі, жетекшісі -Шарипов Кайрат Ганиевич - мастер п/о

3 орын -  Кенжебек Тұрсынбек Мейрамұлы       "Сәтбаев индустриалдық колледжі, жетекшісі - Байшорина Мукарама Тасыбаевна.