Размер шрифта:
Химия және биология оқытушыларына арналған әдістемелік күн
25-08-2023 08:36
Химия және биология оқытушыларына арналған    әдістемелік күн

       2023 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының химия және биология оқытушыларынаарналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

 Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін Теміртау жоғары политехникалық колледжінің  арнайы пәндер

оқытушысы  Емельянова  О.В.«Зертханалық-химиялық талдау, құзыреттілігін дамыту тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

      Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінің 36 химия және биология оқытушысы қатысты.