Размер шрифта:
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында информатика пәнінің оқытушыларына арналған әдістемелік күн
25-08-2023 08:38
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім»  тақырыбында информатика пәнінің оқытушыларына арналған әдістемелік күн

       2023 жылдың 25 тамызында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі  «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбындаинформатика пәнінің оқытушыларына арналған әдістемелік күн  өткізілді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

Одан кейін  «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»  КММ арнайы пәндер оқытушысы Абдрахманова С.В. «Жаңа Қазақстанның цифрлық білім беру кеңістігіндегі оқытушының рөлі мен құзыреттілігін өзгерту»  тақырыбында  баяндама жасады.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

32 информатика оқытушысы қатысты.