2023 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбындаинформатика пәнінің оқытушыларына арналған әдістемелік күн өткізілді.
Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.
Одан кейін «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы Абдрахманова С.В. «Жаңа Қазақстанның цифрлық білім беру кеңістігіндегі оқытушының рөлі мен құзыреттілігін өзгерту» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
32 информатика оқытушысы қатысты.