Размер шрифта:
Педагогикалық пәндер оқытушыларына арналған әдістемелік күн
25-08-2023 08:41
Педагогикалық пәндер оқытушыларына арналған әдістемелік күн

      2023 жылдың  25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық пәндер оқытушыларына арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Төлегенова И.Қ. «Кәсіптік және техникалық білім берудегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығы» тақырыбы бойынша баяндама жасады.     

     Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінен 25 педагогы қатысты.