2023 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру оқытушыларынаарналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.
Бағдарламаға сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Баймаганбетова Т.М. 2023-2024 оқу жылына арналған облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен таныстырды, қатысушылармен жұмыс жоспарын және педагогтердің деректер базасын қалыптастыруды талқылады.
Келесі кезекте «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Горшанова И.Р. «Ұлттық спорт түрлерінің көмегімен өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау»тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада ұлттық спорт түрлеріндегі ұлттық құндылықтар туралы айта келе, өскелең ұрпақтың салауатты өмір ұстануда ұлттық спорт ойындарының маңызы мен артықшылықтары туралы атап көрсетті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар жасалып, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.
Іс-шараға облыс колледждерінің 58 педагогы қатысты.