ҰБТ-2016-ға дайындық барысы туралы
2016 жылдың 25 ақпанынан Қарағанды облысы білім басқармасының тапсырмасы бойынша, ББД ОӘО әдіскерлерімен 2015 жылдың 1 жарты жылдығында төмен нәтиже көрсеткен мектеп оқушыларының ҰБТ дайындығына зерттеу жүргізіледі. Зерттеу барысында сынама тестілеуі өтеді, түлектердің ҰБТ дайындығы бойынша мектеп материалдары, білім бөлімдерінің жұмыстары зерделенеді. Бүгінгі күнде зерттеу Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаровка аудандарында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша талдау жасалады, аудандардың үздік тәжірибелері жалпыланады және таратылады.