Размер шрифта:
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Аспаз ісі» бағытындағы конкурсы өтті
03-03-2016 11:36
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Аспаз ісі» бағытындағы конкурсы өтті

     2016 жылдың 3 наурызында Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Аспаз ісі» бағытындағы конкурсы өтті.

     Конкурс басталмас бұрын бас сарапшы негізгі міндеттер мен жұмыс шарттарын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді. Аталған бағыттың бас сарапшысы Қарағанды коммерциялық колледжінің директоры Бабенко Роза Яковлевна болды.

    Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 16 студент қатысты. Әр студент  3 модуль бойынша жұмыс жасады:

    - Бірінші модуль – Вегетариандық сорпа – Ова- лакто.

    - Екінші модуль – тауықтан жасалған негізгі екінші ас, гарнир – көкөністер.

    - Үшінші модуль – ірімшіктен жасалған тәтті тағам.

         Конкурс аспаздық сапаларының болуы, технологиялық картаға сәйкес  мәзірді құрастыра білу, тамақты дұрыс ұсыну, дәмді дайындау тәрізді  негізгі өлшемдерге байланысты бағаланды.

         Білікті қазылар алқасы мен жұмыс берушілер бірлесіп, конкурс талаптарын ескере отырып төмендегідей шешім қабылдады:

   1 орын – Лисневский Виталий "Қарағанды коммерциялық колледжі", жетекшісі – Климова Антонина Степановна.

   2 орын  – Кишкентаев Чингиз "Қарағанды тамақтану және сервис колледжі", жетекшісі – Крамаренко Людмила Тимофеевна.

   3 орын – Джанкеев Толеген «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі», жетекшісі – Васильева Алена Геннадьевна.