Размер шрифта:
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн
23-08-2023 12:44
 «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім»  тақырыбында «Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша педагогтерге  арналған әдістемелік күн

      2023 жылдың 23 тамызында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі  «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында«Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша педагогтерге  арналған әдістемелік күнөткізілді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

Одан кейін   «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша орынбасары Байсаринов Е.В.  «Қорытынды аттестаттау бағдарламасына кәсіби құзыреттілікті бағалаудағы тәсіл ретінде демонстрациялық емтиханды енгізу» тақырыбында  баяндама жасады.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

«Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша 21 педагог қатысты.