«Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбы бойынша Әдістемелік күн
28-08-2023 16:17
 «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбы  бойынша Әдістемелік күн

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 28 тамызда дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне, облыстық мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің басшыларына, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне  жетекшілік ететін әдіскерлерге арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн шеңберінде педагогикалық шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау, педагогтердің әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері С. К. Тулепбекова 2022-2023 оқу жылындағы дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері бойынша әдістемелік жұмысты талдау және 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін ұйымдастыру дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша әдістемелік жұмыс жоспарын ұсынды.

Отырыста өз тәжірибелерін ұсынды: Н.Г. Смолин, Қарқаралы  білім бөлімінің әдіскері; Бисолтанов Е.К., Теміртау білім бөлімінің әдіскері.

Рефлексия қорытындысы бойынша әдістемелік күн барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді.