Размер шрифта:
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында «Темір жол көлігі» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн
24-08-2023 10:59
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім»  тақырыбында «Темір жол көлігі» бағыты бойынша педагогтерге   арналған әдістемелік күн

      2023 жылдың 24 тамызында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі  «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында«Темір жол көлігі» бағыты бойыншапедагогтерге  арналған әдістемелік күнөткізілді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

Одан кейін  облыс колледждерінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері - Ахметов Б.Ж., «Қарағанды темір жол колледжі» КМҚК   директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары, Шалғынбаев Б. К., директордың оқу-өндірістік жұмысы  жөніндегі орынбасары «Worldskills және дуальды білім беру - кадрларды даярлаудағы тиімділікті арттырудың негізгі құралдары» тақырыбында  баяндама жасады.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

«Темір жол көлігі» бағыты бойынша 18  педагог қатысты.