Размер шрифта:
«Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн
24-08-2023 11:03
«Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету»  бағыты бойынша педагогтерге арналған  әдістемелік күн

       2023 жылдың 24 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету»бағыты бойыншапедагогтеріне  арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

 Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы  Маевская И.А.«Ұлттық құндылықтар - білім беру мазмұнының және жұмысшы мамандықтарының мамандарын тәрбиелеудің негізі» тақырыбында баяндама жасады.

      Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінің «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша19 педагогы қатысты.