Білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған әдістемелік күн
2023 жылдың 29 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы аудандық және қалалық білім бөлімдерінде кітапханашылардың жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлер мен білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілеріне, кітапханашыларға тамыз кеңесі аясында әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде 2023-2024 оқу жылына арналған жұмысты ұйымдастыру, мектеп кітапханаларының негізгі міндеттері, кітапхана қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Әдістемелік күн жұмысының қорытындысы бойынша әр мәселе бойынша шешімдер қабылданды.