Размер шрифта:
2016 жылдың 3 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Жігер» облыстық жастар бірлестігін құру және ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс өтті.
03-03-2016 11:43
2016 жылдың 3 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Жігер» облыстық жастар бірлестігін құру және ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс өтті.

     2016 жылдың 3 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына және жастар атқарушы кеңесінің үйлестірушілеріне арналған  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жігер» облыстық жастар бірлестігін құру және ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс өтті.

     «Жігер» жастар бірлестігінің құрылуы колледждердегі бағыттардың қызметі  жөнінде ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна баяндады.

    Жиналыс барысында Жастар атқару кеңесінің және облыстық жастар кеңесінің төрағаларын сайлау жайы талқыланды.

    Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған облыстық дебат турнирлерінің мерзімі талданды.

    Жиналыста Қарағанды облысының 35 колледжінен 60 өкіл қатысты.