Размер шрифта:
«Тұлғаға бағытталған тәсіл арқылы білім беру үрдісінің қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру сапасын арттыру жолдары» әдістемелік күні
29-08-2023 15:17
«Тұлғаға бағытталған тәсіл арқылы білім беру үрдісінің қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру сапасын арттыру жолдары» әдістемелік күні

      2023 жылғы 29 тамызында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМКҚ  педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, облыстық ММЛИ педагог-психологтары үшін әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде әдістемелік жұмыстың талдауы және 2022-2023 оқу жылындағы өзекті бақылаулардың нәтижелерінің талдауы көрсетілді.

Әдістемелік күннің жұмысы барысында 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, ППМАЖ, педагог-психолог қызметінің бағыттары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу қарастырылып, кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жоспарының  және 2023-2024 оқу жылына арналған педагог-психологтардың жоспарының жобалары ұсынылды.

Сонымен қатар алдағы оқу жылына арналған психологиялық қызметтің міндеттері қойылды.