Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
31-08-2023 15:00
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық  әдістемелік бірлестік отырысы

      2023 жылдың 31 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

          Отырыста «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ММ әдіскері Жаркеева Гулназ Бекетовна «2023-2024 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен, үлгілік оқу жоспарымен таныстырды және 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша талдаужасап, анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берді, 2023-2024 оқу жылындағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

Сонымен қатар, «№ 2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  лицей-интернатының мұғаліміАбдрахманова Арай «Tedx формасы жайлы не білеміз?» тақырыбында таныстырылым жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.

          Облыстық әдістемелік бірлестік отырысына барлығы 30-ға жуық мұғалім қатысты.