«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2023 жылдың 31 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер талқыланды:
- Қауымдастық мүшелерінің тізімін қалыптастыру, нақтылау.
- Пәннің проблемалық мәселелері.
- 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау.
Отырысқа қауымдастықтың 12 мүшесі қатысты.